Пара алудың да, берудің де жолын бір көрсетсең болды, фантазиясы қосылып оны түрлендіріп, гүлдендіріп әкетеді. Амал жоқ бізде жемқорлықпен шындап күресуді бір рет көрсететін ешкім табылмай тұр, әйтпесе...
Ал, қолынан түк келмесе де жақын-жұрағатын жұмысқа тұрғызып, мыңқ еткізбей отырғызып қоюды бір көріп алғандар негізгі "үлгі" болған көрнекті құралдан да асып түсіп жатыр.
Шіркін енді қазақтың өзі өз елінде қалай қадірлі болатынын бір көрсетіп беретін біреу табылса бар ғой, Әмрикаң мен Жапоның шаңымызды иіскеп қалар еді! Біз бір көріп алсақ болды, қатырамыз!
Чын айтам-ей, әкең! Тек бір көрсетсе болды...
Сатирик Асқар Наймантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы
Дереккөз: Abai.kz