Тұрғын үй қымбаттауы мүмкін

Поделиться:
Қазақстанның құрылыс одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «нарықтағы соңғы өзгерістерге байланысты жазда пәтерлердің құны көтеріледі», деп хабарлайды NEGE.KZ.

Баспаналар 20 пайызға дейін қымбаттауы әбден мүмкін. Одақ төрағасының айтуынша, құрылыс заттарының 60 пайызы сырттан келеді. Атап айтқанда, лифт, керамика мен өңдеу жұмыстарына қажетті бояулардың өзі шетелден тасымалданады.

Әрине, елімізде шығарылатын құрылыс заттары бар. Бағасы да қолжетімді. Бірақ олардың сапасы көңіл көншітпейді дейді мамандар.

Сондықтан құрылыс компаниялары қажетті құрал жабдықты сырттан алады. Ал доллардың қымбаттауы, құрылыс заттарының қымбаттауына әкеледі. Бұл өз кезегінде баспаналардың бір шаршы метрінің құны өседі деген сөз.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также