Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, қыз көпірден секірген кезде жанында жігіті болған. Оқиға кеше кешке, яғни 11 наурыз күні шамамен кешкі сағат 17:30 кезінде орын алған.
«Оқушы Талғар қаласындағы №2 мектепте оқыған. Көпір биік, асты тас, әрі судың ағыны қатты болған. 2004 жылғы қыз жағдайы жақсы отбасынан шыққан. Көпірден секірген кезде жанында жігіті болған деген болжамда қарастырылып жатыр. Нақты себебін анықтап жатырмыз», - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанкелді Өмірәлиев.
Мектеп директорының берген мінездемесінде Іңкәр Қарамырзаның отбасындағы жалғыз қыз, оқу үлгерімі орташа, сабақтан себепсіз қалмайтыны айтылған.