Бұл оқиғаның видеосы алдымен желіде жарияланды.
Бүгін таңертеңгі сағат 07: 40 шамасында жолды бөлісе алмаған Шевроле жүргізушісі алдымен тапаншаны бізге кезенді, бірақ одан қашып кеткенімізбен, ол бізді алдымыздан күтіп алды, сөйтіп ақыры көлікке қарай оқ атты, - делінген желіге жүктелген видео мен сурет астындағы жазбада.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты түсінік берді.
Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр. 1983 жылы туылған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы өндіріс кезінде анықталады, деп хабарлады ведомствадағылар.