"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістанда, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, күндіз және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде, Қостанай облысында кей жерлерде 18 м/с жел күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Күндіз Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.