Жағдай күрделі: Мамин коронавирус туралы айтты

Поделиться:
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында коронавирус инфекциясына қатысты Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке халықты коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Әлемдегі жағдай күрделі. Өздеріңіз жақсы білетіндей, қазіргі уақытта вирус 50-ден астам елде анықталып, өте жылдам таралып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар жоқ. Сондықтан барлық алдын алу шараларын жалғастыру керек. Коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға үлкен әсерін тигізіп отыр,- дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуы атап айтқанда өнеркәсіп, транзит, саудаға, экспортқа кері әсері байқалып жатыр екен.

Осы ретте Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау керек. Министрліктердің атап өткен ұсыныстарын қолдаймын. Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі барлық мемлекеттік шекаралық өткізу пунктерінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, әзірленген іс-қимыл алгоритмін іске асыруға дайын болуын қамтамасыз етсін. Екіншіден, Сыртқы iстер министрлігі бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық шараларды ауыстыру бойынша ұсыныстарды енгізсін. Коронавирус инфекциясы таралған елдер үшін транзитті, электронды, туристік визаларды тоқтату қажет - деді премьер-министр.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также