Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған. Бүгінге дейін аталған елден 3 эвакуациялық рейс (SCAT, Air Astana) орындалды. Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған.
«Бүгінге дейін аталған елден 3 эвакуациялық рейст (SCAT, Air Astana) орындалды. 2,11 және 13 ақпанда Ухань, Бейжің қалаларынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға барлығы 511 адам әкелінді», - деді ол.
Ал 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Сеул және Алматы-Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарған. Атап айтқанда, Алматы – Сеул рейсі аптасына 5-тен 1-ге дейін Нұр-Сұлтан-Сеул рейсі аптасына 2-ден 1-ге дейін (Эйр Астана), Алматы-Сеул рейсі аптасына 2-ден 1-ге дейін азайды (Asiana Airlines).
Алматы-Тегеран бағыты бойынша рейстері 1 наурыздан бастап тоқтатылды (Mahan Air). Ал 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Баку арасында қатынайтын рейстер шектеледі.
«Ал Алматы-Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін, Ақтау-Баку рейсін 7-рейстен 1 рейске дейін, Нұр-Сұлтан-Токио авиамаршрутын 2-ден 1 рейске дейін шектеп жатырмыз. Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, билеттері бар жолаушылар ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде ақшасын қайтара алады», - деді вице-министр.
Сонымен бірге Қытаймен арадағы барлық 13 тұрақты автобус тасымалы шектелген. «Қорғас», «Көлжат» шекаралық бекеттерінде қозғалыс тоқтаған. Үрімжі-Алматы, Нұр-Сұлтан-Алматы-Үрімжі пойыздары жүрмейді.