"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік менің Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және "Ақтөбе" ӘКК басшысы ретіндегі қызметіме қатысты ешқандай тергеу шарасын жүргізіп жатқан жоқ",- деп жазды шенеунік әлеуметтік желіде.
Ол сондай-ақ "төрт жыл бұрынғы факт бойынша" куәгер болып жүрген атап өтті.
"Мені ешкім ұстамады, қазір Нұр-Сұлтанда шаруамен жүрмін, менің бостандығыма қатысты ешқандай шектеу жоқ", - деп толықтырды Мамунов.
Облыс әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары пара алып жатқанда ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.