Қордайдағы қақтығыс: министр ақшаның қайдан бөлінетінін айтты
Қордай ауданындағы Масанчи ауылындағы трагедиядан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қажет ақша үкімет резервінен бөлінеді. Бұл туралы бірінші вице-премьер қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Министрдің айтуынша, үкіметтік комиссия президенттің тапсырмасымен қираған үйлерді қалпына келтіру және басқа да шығындарды өтеу бойынша жоспар әзірлейді.

"Үкіметтік комиссия жұмысын аяқтағаннан кейін шешім қабылданады. Әзірге сома белгісіз, бүгін ертең шешіледі. Ақша үкіметтің резервінен бөлінеді. Бірақ, мұның бәрі үкіметтік комиссияның қорытындысы мемлекет басшысына ұсынылғаннан кейін ғана шешіледі", - деді Смайылов мәжіліс кулуарында.

Сондай ақ, ол жергілікті бюджеттен де қаражат бөлінетінін атап өтті.

Вице премьер Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жергілікті бюджет пен сол жердегі республикалық ұйымдардың есебінен қаржыландырылып жатқанын нақтылады.
Просмотров материала: 24