"Адам өлтіргендер жазасын алады": Сапарбаев Дархан Әбдірахымның отбасына барды
Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған үкімет комиссиясы Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін қиын күндерде берік болу керек", - деді Сапарбаев.

Вице-премьер Дарханның өліміне кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынын жеткізді.