Елордада коммуналдық қызметтер тарифі қымбаттады
Жаңа жылдан бастап елордада коммуналдық қызметтердің тарифі қымбаттады, деп хабарлайды 24.kz.

Атап айтсақ, тұрғындар енді жылу үшін 5, су үшін 10, ал электр энергиясы үшін бұрынғыдан 10% көп төлейді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Болат Танабергенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, баға өзгеруінің бірнеше себебі бар. Мәселен, электр қуатымен қамтамасыз етуші серіктестік – «Астанаэнергосбыт» қымбаттаудың басты себебі ретінде энергия өндіруші, энергиятасымалдаушы ұйымдардың бағасының көтерілуін атады. «Сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың мемлекет алдындағы инвестициялық міндеттемелері де бағаға әсер етеді», - дейді жауапты мекеме өкілдері.

Болат Танабергенов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы:

- Жылумен қамтамасыз ететін «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтері орташа өтімді тарифі 2920 теңге, өсуі 7,9%. Соның ішінде халық үшін 5% өседі, су қызметі бойынша халыққа 34 теңге 86 тиын. Ол қолданыстағы тарифтен 10% өседі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салықсыз орташа тариф 14 теңге 10 тиын. Халыққа 10% өседі.
Просмотров материала: 0