Қызметкері пара алған полиция басшысы өзін жұмыстан босатуды сұрады

Поделиться:
Қызметкері пара алған полиция басшысы өзін жұмыстан босатуды сұрады
Батыс Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Манарбек Нәжиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Мой ГОРОД”.

Былтырғы жылдың 29 желтоқсанында БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басшысы Кенжебек Құспаев пен оның орынбасары Манарбек Нәжиев өздерін қызметінен босатуды сұрап, арыз берген.

“Тәртіптік комиссияның шешімімен Манарбек Нәжиев жұмысынан босатылды, ал Кенжебек Құспаевқа келетін болсақ, оны қызметінен босату мәселесін қарау үшін құжаттары ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданды”, деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ондағылар қазір екеуінің де полиция резервінде тұрғанын, қалаған кезде жұмысқа шыға алатындарын, бірақ лауазымдары төмендетілетінін айтты.

Қаңтарда БҚО-да жол-патрульдік полиция взводының командирі жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартпағаны үшін жүйелі түрде пара алып келген деген күдікпен ұсталды.

Сондай-ақ, оның басшылығы кезінде қарамағында жұмыс істеген бірнеше полиция қызметкерлеріне де қатысты қылмыстық істер қозғалған.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также