Мектепте балаға ештеңе үйрете алмайтын ұстаздар қалған ба?
Шымкент қаласына барып келген экономист Меруерт Махмұтова қалаға таңданысын желіде бөлісті, -деп хабарлайды zakon.kz.

Мен кеше Шымкенттен келдім.

"Менің бір подругам, өзі ЖОО мұғалімі, қазақша лекция оқиды, үй-іші түгел қазақша сөйлейді – немересін орыс мектебіне беріпті. Мен сөйлескен адамның бәрі қазақ мектебінде білім жоқ, орыс мектебіне беруге мәжбүрміз дейді", - деп жазады ол.

- Мен страшно таң қалдым. Шымкент бұзылған екен дедiм. Оларға түсіндіріп жатырмын, қазір бірінші сыныпқа баратын балалардың 90% қазақша оқып жатыр, сонда сендердің балаларың болашақта қайда барады деп.
Меніңше, бұл жерде бірнеше фактор бар, дейді Махмұтова:

1. мектептегі сыбайлас жемқорлық.

2. биліктің мұғалімдерді сайлау сияқты лас істерге салып, өз мүддесіне пайдаланатыны.

3. нәтижесінде мектепте кәсіби мамандар қалмады, өңкей жандайшаптар.

4. басқа баратын жері жоқтар ғана қалды мектепте.

5. оларды жұмсау оңай, басқару оңай. Бірақ ол мұғалімдер балаға жақсы ештеңе үйрете алмайды. Жүйенің деградациясы деген осы.

Просмотров материала: 0