
ҚР Ішкі істер министрлігі заңға осындай жаңа норма енгізу мәселесін талқылап жатыр.
"Бұл сұрақ бойынша бізде талқылау жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Владимир Божко төтенше жағдайлар министрі болғанда (қазіргі кезде Мәжілістің вице-спикері) ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол жабылғанда тыңдамай шығып кететін жүргізушілерге айыппұл салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бүгінгі таңда бұл мәселе қайта көтеріліп жатыр", - дейді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.
Ол бұл ережені әкімшілік жауапкершілік кодексіне енгізу ұсынылғанын атап өтті.
Просмотров материала: 0
Комментарии