
"Мынау біздің Шардара ауылының әкімшілігі, карта ойнап жатыр, халықтың қамын жейтін кісілер бәрі", - дейді видео авторы.
Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Әлібек Сейдалиев кабинетіне игі жақсыларды жиып, жұмыстан бір сәт сергиін деді ме, әлде бар шаруасын бітіріп тастады ма, әйтеуір қызу ойынға кірісіпті. Салдарынан ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты.
Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сияқты. "Валетті ұстаймын" деп бәлеге қалған азаматты ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.
Просмотров материала: 41
Комментарии