Қанымды іштің! Қарағандыда депо бастығы жұмысшыларын "пышақтаймын" деп қорқытты
Жалақыға жарымай жүрген машинистер мен олардың көмекшілеріне басшылық қызметтегілер үнемі балағат сөздер айтып, жеке басына тіл тигізеді екен.
"Сен менің қанымды іштің, қазір пышақтаймын!". Қарағанды облысындағы локомотив пайдалану депосының басшысы қоластындағы жұмысшыларын осылай деп қорқытқан. Төзімі таусылып, шыдамы шегіне жеткен жаңаарқалық теміржолшылар бүгін журналистерге бар былықты жайып салды. Бес жыл бойы жалақыға жарымай, тозығы жеткен техникамен жұмыс істеп келген жандар басымызға қауіп төніп тұр дейді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.