"Қытайлықтар бізді әлі аттың үстінде жүреді деп ойлайды" - Қытайда жұмыс істейтін жерлесіміз

2020-01-18 11:00:24
"Қытайлықтар бізді әлі аттың үстінде жүреді деп ойлайды" - Қытайда жұмыс істейтін жерлесіміз
Қытайда оқу тәмамдап, үздік IT компаниялардың біріне қалай жұмысқа орналасуға болады? Аспан асты елінде ақша тауып, күн көру қаншалықты қиын, біздің олардан үйренеріміз не? Stan.kz тілшісі Қазақстандағы тұңғыш мобильді ойындар продюсері, қазір Қытайда IT-саласында жұмыс істеп жүрген Шымкент тумасы Алдияр Жұмажановпен байланысып, барлық сұрақтарға жауап алды.

"Қазақстанның 100 жаңа есімдері-2019" жобасында жеңімпаз атанған Алдияр Жұмажанов аспан асты елінде үздік теп танылған IT компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Айтуынша, ол қазір "Ұлы сұлтан", "Түстер шебері" мобильдік ойындарын жасаумен айналысуда. Сонымен қатар соңғы жылдары "Ұлы хан" деп аталатын ежелгі Қазақстан мен көшпенді елдер туралы әлемдегі бірінші 3D ойынын бағдарламалауға уақытын арнауда.

26 жастағы отандасымыз биыл өзінің туған қаласы Шымкентте Unit Factory әлемдік мектебінің немесе Ecole 42-нің негізінде бірінші IT мектеп ашпақ. Жастарға арналған мектеп толығымен тегін, әлеуметтік жоба болмақ.

- Алдияр, неге Қытайда оқуды, қалуды шештіңіз?

- Мен университет бітіргеннен кейін Қытайда IT салада жұмыс істеуге мақсат қойдым. Себебі бұл әртүрі ІТ-компаниялары бар үлкен нарық, мен Қытайдың ІТ-саласындағы 15 ірі компаниялардың біріне жұмысқа тұрдым. Басқа елдерден ұсыныс болды, бірақ ұстаз, ментор ретінде. Мен өзім компаниямнан кетуге талпынбадым, сондықтан басқа жақтан жұмыс іздедім деп айта алмаймын. Біздің компанияда мен мобильді ойындар продюсері қызметін атқарамын және біздің компанияның Мәскеудегі бөлімшесінің бас директорымын.

- Қытайда не ұнайды? Не ұнамайды?

- Адам көп бола тұра, бұл жерде барлығы ұйымдастырылған. Ұсақ-түйекке дейін ұйымдастырылған. Бұл жерде біздің елдің мегаполистеріндегі үлкен кептелістерді ешқашан көре алмайсыз. Қытайдағы ең кішкентай қаланың халқы - 5 млн адам. Мен 5-8 млн адам тұратын қалада жұмыс істеймін. Соның өзінде LRT, BRT, жерасты метро, жерүсті метро бар, қоғамдық көлік үшін арнайы жолақ қарастырылған. 8 млн халқы бар қалада ешқандай кептеліс жоқ, барлық жерде таза қоғамдық дәретханалар, олар да, қоғамдық көліктер де тегін WI-FI-мен қамтамасыз етілген.

Қоғамдық көлік тұрақтары тегін. Барлық жерде өте таза, барлығы жиналған. Ұнамайтын тұсы - адам санының көптігі, одан кейін бұл жақтан үйге ұшып бару Қытайдан АҚШ-қа ұшқаннан қымбатырақ шығады, бұл біздің әуе компанияларымыздың сараңдығы деп атар едім. Біздің әуе компаниялардың қызметі өте қымбат, студент кезмде тіпті қолжетімсіз болды.

Ол компаниялардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, бірақ сараңдықтарын шексіз дер едім. Одан кейін тамақтың өте ащылығы жақпайды, қытайлықтар өте қатты сөйлейді, жеке адамның кеңістігі деген түсінік жоқ, мәселен, қоғамдық көлікте кез-келген жолаушы телефонының дауысын қатты қойып сөйлесе береді немесе шоу қарап отырады. Дөрекілік бар. Олардың мәдениетінде ибалы болу, өзін-өзі ұстау деген жоқ.

- Қытай сияқты миллиард халқы бар елде жұмыс істеу қаншалықты қиын?

- Өмір сүру жеңіл, ақша табу да қиын емес. Біздің елде орташа жалақы 300 мың деп жатады ғой, бұл жерде 3000 доллардан жоғары табуға болады, оның сыртында медсақтандыру, пәтерді жалдау құны, қоғамдық көлікте жол жүру құны, үйге бір мәрте ұшып бару билеті - компания есебінен. Қытайлықтар ағылшын, орыс, түрік тілдерін білмейді, сондықтан олардың жанында біздің бәсекеге қабілеттілігіміз жоғары. Яғни сен олар шыққысы келетін нарыққа апаратын "есік", "терезесің".

- Қытайлықтардың қазақтарға деген көзқарасы?

- Шынымды айтсам, ешқандай. Өйткені бізді олар қатты танымайды. Кеңес одағының мүшесі болғанын біледі, кейбірі біздер әлі аттың үстінде жүреміз деп ойлайды. Ұйғырлармен шатыстырады, өздері де корейліктермен шатыстырғанды жек көреді.

- Біздер аспан асты елінен нені үйрене аламыз?

- Жемқорлықпен күрес, бұл жерде мүлдем жоқ десек болады, кез-келген қиырдағы ауылдың өзінде бес жолақты неміс стандарттары бойынша салынған жолдар. Жолдың екі жағында да жол ережелеріне қатысты белгілер. Барлығы - идеал. Бұл жерде жемқорлықты жеңген. Соның арқасында өте арзан лимитсіз ұялы байланыс, интернет құны қолжетімді, арзан қоғамдық көлік. Қоғамдық көліктері ыңғайлы, қатты дамыған.

ТМД елдерінде қоғамдық көлікте "тек жолы болмағандар жүреді" деген пікір қалыптасқан, ал бұл жерде керісінше, кез-келген ортаның адамы автобуста жүре береді, өйткені бұл қозғалыстың тез, арзан әрі қолайлы түрі. Одан кейін олар қатты патриоттар, 15-20 жыл бұрын өте кедей болатын, бірақ жемқорлықты жеңу, адам капиталына қолдау көрсету, несиелік ставкаларын 3%-ға дейін түсірудің арқасында олар дамыған елдердің қатарына кірді. Ең құрмағанда, азаматтарға төмен пайыздармен баспаналы болуға мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.

Сондықтан мұнда кез-келген азаматтың 3-4 пәтері бар, біз де осыған келеміз деп үміттенеміз.

- Алдияр, қанша тілде сөйлейсіз? Бағдарламалауды қалай үйренуге болады? Жастарға қандай кеңес айтасыз?

- Мен қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде - мандарин және кантон диалектілерінде - сөйлеймін. Бала кезімнен оқулықтар бойынша ағылшын тілін үйрене бастадым, анам 12 жасымда алғашқы компьютерімді алып берді. Жастарға бірінші кезекте вайнерлер мен блогерлерді үлгі тұтпауға шақырамын.

Қалжыңдары ұсқынсыз блогерлер бізге үлгі болмау керек. Жасөспірімдерге Илон Маск, жолы болған жас ғалымдардың өмірбаянын зерттеуге, ерте тұрып, спортпен айналысуға, кітапты көп оқуға және тілдерді үйренуге кеңес беремін. Жастар ең құрмағанда бағдарламалаудың 6 тілін білуі керек, бірнеше тілді меңгеруі тиіс.

Себебі орыс тілін білсең, ТМД-да бәсекеге түсе аласың, ағылшын тілін білсең 2 миллиард адамның ішінде жұмыс істей аласың. Фотошоптың негіздерін оқыңыз, кәсіби түрде блог жүргізіп үйреніңіз. Басқа адамдарға бұл қызметтер үшін ақша төлемеу үшін сіз өзіңіз үйренуіңіз керек. Ата-аналарға берер кеңесім де осы, балаларыңызға жақсы ағылшын тіліндегі әдебиетті сатып алып беріңіз де, блогерлер мен вайнерлерден аластатыңыз.

- Сіздің бір күніңіз қалай өтеді? Әлеуметтік желілерде көп отырасыз ба?

- Бір-бір жарым сағат әлеуметтік желілерде өткіземін, күнделікті анализ жасаймын. Біздің компанияға бәсекелестердің аккаунтарына кіріп, олар қалай брендинг, маркетинг жүргізетіндеріне сараптама жасаймын. Өзімнің бөлімдерімді бақылап, дизайнерлер, аутсорсингтік компанияларға техникалық тапсырмалар жасаймын. Түсте спортмен айналысамын, компаниямызда арнайы жабдықталған шағын бұрыш бар.

- Жастарға қандай кеңес бересіз?

- Аз сұрап, көп жасауға кеңес беремін. Біздің жастар көп сұрап, өздері соған сай келе ме - ойлана бермейді. Жалқау жас көп. Дарынды жастар да көп, мойындаймын. Өз-өзіңді дамытуға, өсуге кеңес беремін, бос уақытыңды курстарға, кітапханаға арнау, сериалды аз қарап, пайдасы бар нәрселерге уақыт бөлу - ол сенің таңдауың. Болашақта біреуге жұмыс істегің келмесе, онда өз-өзіңді "жасауың" керек. Өз таланттарыңды жарыққа шығар, жоспарларыңды жүзеге асыр. Алдағы бес жылға жоспар құр, өзіңді кім ретінде көресің, елестетесің, сол жоспарды артығымен орында.

- Дарынды жастар елден неге көптеп кетіп жатыр?

- Қазір жағдай өзгерген шығар, бірақ осыдан 5-6 жыл бұрын жұмыс нарығындағы жағдай қиын болатын. Тек таныс, "ағашкалар" арқылы қызметке тұратынсың. Сөйтіп тұрғанда 120-150 мың, әрі кетсе 200 мың теңге алады. Бірақ ол ақшаға дұрыс өмір сүресің деп айта алмайсың. Мансабыңның өсуіне мүмкіндік беретін үлкен корпорациялық компаниялар жоқ.

Бірнеше тек халықаралық компаниялар. Ал Майкрософт сияқты алпауыт компаниялар күніз-түні дарынды жастарды аңдып, оларды өздеріне бірден тартып алады. Ал біздің елде аты шыққан отандық мықты IT компанияны атай аласыз ба? Қазақстанда IT- сала әлі өте төмен деңгейде.Оны былай қойғанда Қазақстан әлі басқа елдің бухгалтерлік бағдарламасын пайдаланады, сөйте тұра көрші ел біздің есеп, шығыс-берісті қайдан біледі деп таңғаламыз.

Бізде әлі барлық қызметтерді төлеуге мүмкіндік беретін орталықтандырылған бағдарлама жоқ. Мен елімізде Unit Factory негізінде тегін IT мектеп ашуды жоспарлап отырмын. Елде ғылымды дамыту керек, сондықтан мен елдің жанашырлары мен демеушілерді болашақ IT-мектебімізді қолдауға шақырамын. Себебі тек осылай ғана біз адам капиталын дамыта аламыз.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

18.01.2020
В Алматы утвердили места для проведения митингов
18.01.2020
"Bek Air больше не соответствует требованиям, установленным IATA" - международная ассоциация воздушного транспорта
18.01.2020
В Алматинской области запущена подстанция «Каскелен-220»
18.01.2020
Масштабные новинки кино и сериалы: что смотрели в новогодние праздники в Казахстане
18.01.2020
Ядролық полигондағы сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақы жайлы жұмыспен қамту органдарына жүгінуі тиіс
18.01.2020
Экс-главному врачу детской больницы Туркестанской области предъявлено обвинение
18.01.2020
Хоргос временно закроют для казахстанцев
18.01.2020
Погода в Казахстане: сегодня на юго-западе страны пройдут дожди и снег