Ядролық полигондағы сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақы жайлы жұмыспен қамту органдарына жүгінуі тиіс

2020-01-18 09:00:19
Ядролық полигондағы сынақтардан зардап шеккендерге жәрдемақы жайлы жұмыспен қамту органдарына жүгінуі тиіс
Мессенджерлар арқылы таратылған Семей полигонындағы ядролық сынақтарға байланысты бір реттік жәрдемақы алу үшін Шығыс Қазақстан облысында тұрған азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Экологиялық апат аймағында 1949 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрген азаматтар, сондай-ақ қазір осы аймақта тұрып жатқан адамдар ядролық сынақтарға байланысты жеңілдіктер алады. Жеңілдіктерді ресімдеу үшін азаматтарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарына емес, аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне жүгіну қажет.

Жәрдемақы алу шарттары туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.

40 жыл бойы Семей полигонында ядролық қару сынақтан өткізілді, салдарынан экологиялық апат туындады – адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға орны толмас шығын келді, ауру-сырқау көбейіп, өлім-жітім артты. Семей облысының барлық аумағы, полигонға жақын жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының барлық аумағы экологиялық апат аймақтары болып танылған.
Просмотров материала: 0