«Билеттердің құны мен сатылым орындары УЕФА-мен келісілгеннен кейін ресми түрде хабарланады. Халықты алаяқтарға алданып қалмауға шақырамыз. Барлық ақпарат министрлік пен клубтың ресми арналарында жарияланады», – деді министр.

Еске салайық, «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп, әлемнің ең танымал клубтарының бірі «Реал Мадридпен» бақ сынасады. Кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.