31 тамызда марқұмдардың туыстары Өзбекстанға барып, қаза болғандарды көріп, растаған. 1 қыркүйекте «Баймақ» өткізу пункті арқылы олардың денесі Қырғызстанға беріліп, Кербен қаласының мәйітханасына сараптамаға жіберілген.

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекара қызмет басшылары 2 қыркүйектен бастап оқиға орнында бірлескен тергеу жүргізуге уағдаласты.

«Шекара қызметі болған жағдайға алаңдаушылық білдіреді. Азаматтарымыздың қаза болуына қатысты жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Қорытындысы көпшілікке хабарланады», – деп атап өтті ведомство