Тексеру нәтижесінде сот орындаушылардың өкілеттігін асыра пайдаланып, ақшаны жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған. Жалпы шығын 26 млн теңгеден асқан.
Сотқа дейінгі тергеу барысында келтірілген шығын толық өтелді. Енді уәкілетті орган сот орындаушыларын лицензиясынан айыру мәселесін қарастырып жатыр.
Қайталамау үшін қарыз сомасын тікелей өндіріп алушыларға аудару және атқарушылық санкцияларды есептеу үшін жасанды интеллектті қолдану ұсынылды.
Комментарии