Полиция департаментінің мәліметінше, жанкүйерлердің көптеп келуі күтілуде, осыған байланысты полицияның біріктірілген күштерінің жасақтарын күшейту жоспарланып отыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және көлік ағынын реттеуге ерекше назар аударылады.

Арнайы көліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және кептелістің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелері аралығындағы аумақта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаменті тұрғындарды бұл ақпаратты бағыттарын жоспарлау кезінде ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің нұсқауларына құлақ асуға шақырады.