Оның айтуынша, құрлысшылар үйдің іші-сыртын толығымен қазан айында аяқтап бітуді жоспарлап отыр екен.
«Маған көп қойылатын сұрақтың бірі – «Қаржаубайдың өртенген үйі не болып жатыр» деген сұрақ. Біздің негізгі назарымыз Шерзаттың соты болғандықтан, бұрын ақпарат беруді жөн көрмедік. Қазір мына үйді көріп, көзіміз жетіп отыр – жаңа үй салынып жатыр. Құрылыстың басы-қасындағы адамдар үй 15 қазанға дейін толық салынып бітетінін айтып отыр», — дейді адвокат.
Үйді салып жатқан құрлысшылар баспана биыл 15-20 қазан аралығында толық салынып бітеді деп мәлім етті.
Айта кетейік, Талғарда 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полатты бір топ жігіт жабылып, ұрып, пышақтап, өлтіріп кеткен. Кейін, арада 8 күн өте отбасының үйі өртеніп кеткен еді.
Жуырда Шерзат Полатты өлтірді деген күдікпен ұсталған қылмыскерлерге қатысты сот үкімі жарияланды.
Басты күдікті Абзал Шынасыл ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға сотталды.
Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.
Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап (ұрлық) бойынша бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрқиас Ілиясов – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), бұрынғы соттылығына байланысты 9 жылға сотталды.
Шыңғыс Белғожаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
Дархан Әскентай – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталып, жуырда босап шықты.
Комментарии