Су басқан жолдың ұзындығы 100 метрді құрады

 

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз тас жолының 92-ші шақырымында Жем өзені арқылы өтетін көпір аймағындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді.

Мұндағы су деңгейі 50 см-ге жетіп, су басқан жолдың ұзындығы 100 метрді құрады.

«Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.