Қазақстанның «Неке және отбасы туралы» кодексіне сай, Қазақстанда кәмелет жасына толмаған азаматтар екі жағдайда ерте неке қия алады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Мынадай дәлелді себептер, яғни, жүкті болу және ортақ бала туған кезде мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді», — деп жазылған кодексте.

Бұл ретте әрине екі тарап дәлел ұсынып, балалардың келісімін алуы керек.

Ал, Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы Қазақстан халқының табиғи қозғалысына орай жасаған ресми статистикасы бойынша елімізде 18 жасқа толмаған ұлдар арасында 64 неке, қыздар арасында 616 неке тіркелген.