«Бізде бәрі жақсы, аман жүр жаным, ақ жол» деген әкесінің аудиохабарламасына жауап берген Назым әкесіне «чемпион болып ораламын» деп серт берген екен.
«Рахмет, әке! Алла бұйыртса қызыңыз Чемпион болып келеді. Бәріне сәлем айтыңыз, тақымдарыңызды қысып, мен үшін дұғада болыңыздар!», — деп жауап берген әкесіне Назым.
Көп ұзамай шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай 48 келі салмақта Ресей боксшысы Юлия Чумгалакованың тас-талқанын шығарып, қазақ боксының тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл жеңісі үшін ол 100 мың доллар көлемінде сыйақы алатын болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқылардың бірі болып Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтаған еді.
Комментарии