Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.