«Қанша жаста үйлену керек?»: Нұрлан имам жастарға ақыл айтты (ВИДЕО)

2024-11-20 16:27:26

Имам өз сөзінде адам біреу үшін үйленбеуі керек екенін нықтап тұрып айтты.

«Ең алдымен біреу үшін үйленбеу керек. Әке-шешемнің аузын жабайын, достарымның бәрі үйленді, мен де үйлене салайын десе адам бақыт таппайды, әйелден бұл өмірде ләззат та көрмейді. Біреудің әйелі жақсы көрініп, біреудікі сұлуырақ болып тұратыны сол.

Екіншіден, ұрпағының да қызығын көрмейді. Өкінішке қарай, біздің заманымызда ондай көп.

Жастар менен қанша жаста үйлену керек екені туралы сұрап жатады. Шариғат не айтады? Аманатты түсінген адам үйленсін дейді. Аманатты түсінген кезде жақсы болады. Біреудің ақысы бар. «Шыдасаң, жақсы көріп кетесің» деген орыстың бір сөзі бар. Шариғатымыз бойынша махаббаттың болғаны жақсы. Дегенмен екеуінің арасында түсіністік болса, жеткілікті, отбасы құрыла береді. Екеуінің бір мәселеде түсінуі, бірнәрсеге тоқталуы өмірдің ары қарай бірге жалғасуына, қол ұстасып жүруіне себеп бола алады», — дейді Нұрлан Байжігітұлы.

 

Последние новости

20.11.2024
Төрт баласы өрттен қаза тапқан әйел үйді кезек бойынша алады – Жеңіс Қасымбек (ВИДЕО)
20.11.2024
Шардараның білім бөлімі 3,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
20.11.2024
«Не ауыл емес, не қала емес»: Аманжол Әлтай Қазақстандағы кенттердің мәселесін қозғады
20.11.2024
Сынағаны үшін «сындырғысы» келе ме: Алмасбек Садырбаев не үшін қамауға алынды
20.11.2024
21 қарашада Қазақстан бойынша дабыл жүйесі қосылады
20.11.2024
Қазақстанда уақыт белдеуі әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалады
20.11.2024
Қайырымдылық қорларына жарна төлемеген мұқтаж балалар «Хан шатырдағы» жәрдем акциясына қатыса алмайды
20.11.2024
«Баспана ұсындық»: Нәлібаев жыныстық құлдықта болған оқушыға қатысты пікір білдірді