НЕ ЖАҒДАЙ
Оқиға ер адам жолды рұхсат етілмеген жерден кесіп өтуге тырысқан кезінде болған. Жас жүргізуші алдынан аяқ асты адамның атып шығуына әрекет ете алмай, оны басып өткен.
Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.
СУИЦИД ЖАСАМАҚ БОЛҒАН
Оқиға орнына келген дәрігерлер денені қарап, ер адамның мойны электр сымымен оралғанын анықтаған.
Дәрігерлер белгісіз адам суицид жасамақ болып, көлік астына қасақана түскен деп топшылайды.
Полиция қызметкерлері марқұмның таныстары делінген адамдарды тапқан, олардың сөзінше ол үйсіз-күйсіз жүрген. Жолды рұхсат етілмеген жерден кесіп өткенде ер адам мас болуы мүмкін деген тұжырым айтылып жатыр.