Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өртті сөндірген кезде қаза тапқан. Ақпаратты ресми орган растады.

«6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.  Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген», — деп растады оқиғаны төтенше жағдайлар министірлігі.

Айта кетейік, өрт Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында болған. Бұл өрт Павлодар облысының аумағына өткен.