Оқиға орнынан видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Оқиғаға Алматы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Құқық қорғау органдары істің толық мән-жайын ашпады. Тек марқұмның 19 жаста екені ғана белгілі.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімшесінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі анықталуда», — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.