Алапат өрттен кейінгі уәде орындалмаған – орманшылар әлі мардымсыз жалақымен жүр

2024-10-02 12:27:39

«Семей орманында өрт болып ондаған отандасымыз опат болған кезде Үкімет өкілдері «2023 жылдың 1 шілдесінен бастап орманшылардың жалақысы өседі» деп кесіп айтқан еді. Бірақ айтылған сөз айтылған жерде қалды. Жалақы орман шаруашылығындағы басшылық құрам мен санаулы мамандық иесіне қосылғаны болмаса орман үшін от кешкен мыңдаған маман түкке жетпейтін жалақымен сол күйі қала берді. Аталған мәселені былтыр қыркүйекте Мәжілістің төрінен көтергенімде Үкімет өкілдері, салалық министр «жалақыны өсіреміз» деп уәдені үйіп-төкті. Бұл жолы оттан көйлек киіп орман өртімен күресетін мамандардың жалақысы өсер деп қатты үміттендік, 1 жыл дегенде ақжолтай ақпарат келді», — деді ол.

2024 жылдың 1 шілдесінде Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздегі орман шаруашылығы және табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақы қосу туралы  қаулыға қол қойған.

«Орман және табиғатты қорғау ұйымдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерлерін жетілдіру мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Бөркімізді аспанға атып алақайладық. Құжатқа сәйкес, орман өртін сөндіру бекеттерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, қоршаған ортаны қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100 пайызға дейін өсімақы алуы керек еді. Олардың қатарында орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері, тракторшылар, радио операторлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппараттарды жөндеу жөніндегі шеберлер, өрт бақылау мұнарасының бақылаушылары бар еді. Шіліңгір шілдеден бастап жалақымыз еселеп артады деп елдің еңсесі тіктеліп қалды», — деді депутат.

Бірақ Нартай Сәрсенғалиевке орманшылар хат жазып, Үкімет басшысының қаулысының Қызылорда облысында, Арал ауданында, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында, Қостанай облысында, Жетісу облысында орындалмағанын айтқан.

«Орманшылардың жалақысын көтерудің жүгі жергілікті бюджетке артылыпты, ол қамбада қаржы жоқ екен. Қаулысы бар да қаржысы жоқ. AMANAT партиясы бұл жағдайды бірнеше рет көтергенін қаперлеріңізге сала кетейін. Салдары ауыр, жалақының төмендігінен жастар орманшы болып қызметке барғысы келмейді. Орман бар, орын бос, жалақы жетпейді. Жоғарыда айтылған мәселелерді зерделеп, 2024 жылдың 1 шілдесінде қол қойылған  қаулының толыққанда орындалуын қадағалап, Қазақстандағы орман шаруашылығындағы мамандардың лауазымдық жалақыларына 100 пайыздық өсімақының қосылуын қамтамассыз етуіңізді сұраймын», — деді ол Склярға жолдаған сауалында.

 

Последние новости

02.10.2024
Депутат балалар көретін қауіпті контентті анықтайтын жүйе енгізуді ұсынды
02.10.2024
Астанада тарих пәнінің 43 жастағы мұғалімі оқушы қыздарға қырындаған: ол жұмыстан қуылды
02.10.2024
Алматы тұрғыны көшеде қара жәшік ұсынған қыздардан сақ болуға шақырды
02.10.2024
Антикор оқушылардың дәретхана қағазының жоқтығына қатысты шағымын тексереді
02.10.2024
Таразда мас адам қолына пышақ алып, тұрғындарды шошытқан (ВИДЕО)
02.10.2024
Алатауда митингке шыққан ұстаздар жалақылары қысқарғанын айтып, президентке үндеу жолдады
02.10.2024
Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы өмірден өтті
02.10.2024
Министрлер өз үйлерін жалға беріп, қосымша табыс таппақ — заң бірінші оқылымда мақұлданды