Депутат балалар көретін қауіпті контентті анықтайтын жүйе енгізуді ұсынды

2024-10-02 12:27:38

Мәжілістің жалпы отырысында жариялаған депутаттық сауалында  ол соңғы уақытта еліміздегі балалардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары қоғамды дүр сілкіндіріп, ата-аналар мен педагогтар арасында үлкен алаңдаушылық тудырғанын жеткізді. Бұл қайғылы жайттар, әсіресе, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде баланың психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр.

«Парламент бүгінгі таңда заңнамалық шаралар қабылдады. Мысалы, суицид туралы Қылмыстық кодексте арнайы жаңа құрамда 2 бап қабылданды, сонымен қатар суицидті насихаттауды болдырмауға масс-медиа туралы заңда нақты реттеу механизмі енгізілді, бұдан бөлек булингке және кибербуллингке арнайы әкімшілік құқық бұзу жауапкершілігі енгізілді, білім басқармаларының жанынан психологиялық орталықтарды құру, психологиялық қызметті жетілдіруге байланысты нормалар қабылданғанына қарамастан, бұл проблема қоғамда алаңдатушылық тудырып отыр», — дейді Сүлейменова.

Депутат әлеуметтік желілердегі қауіпті ойындар, квестер және зорлық-зомбылықты насихаттайтын контент жасөспірімдердің санасын улап, оларды қауіпті әрекеттерге итермелеп жатқанын айтады.

«Осындай контенттің таралуына бақылауды күшейту – кезек күттірмейтін мәселе деп санаймын. Әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі негативті әсерге көз жұму – ұрпақ болашағына немқұрайлылық танытумен тең. Заңнамалық қабылданған шараларды орындауды күштік органдар, әсіресе мессенжерлердың жасөспірімдер контентінде гигиена шараларын қатаңдатуын талап ететін уақыт келді. Президент тапсырмасымен Парламент қабылдаған заңнамалық шешімдерді орындауды мемлекеттік органдар қатаң бақылауға алуы тиіс. Әрбір ата-ана балалардың интернеттегі уақытын қатаң бақылап, зиянды контенттерден қорғалғанына көз жеткізуі тиіс. Әлеуметтік желілерде емес, шынайы өмірде қарым-қатынас пен жетістікке жетуге үйретуі қажет», — деп есептейді депутат.

Осыған байланысты Жұлдыз Сүлейменова ақпарат және мәдениет министрлігі, бас Прокуратура, және цифрлық даму министрлігі балалар үшін қауіпті контентті анықтап, зерделеуде ведомствоаралық жауапкершілікті күшейтуі қажеттігін айтты.

«Қауіпті контентті анықтау және қадағалау үшін автоматтандырылған жүйелерді енгізу қажет. Балаларға зиянды контентті автоматты түрде анықтайтын және блоктайтын жаңа технологиялар мен жүйелерді енгізу. Мұндай жүйелер интернеттегі қауіпті материалдарды дереу қадағалап, оларды қолданыстан өшіру механизмдерін карастыруы кажет. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің әкімшілеріне талап қою қажет. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік желі иелері қауіпті контентті таралу кезеңінде тоқтата алады. Сондықтан біз олардың алгоритмдерін өзгертуін талап етіп, еліміздің заңнамалық талаптарын орындауын қадағалауымыз қажет. Егер бұл талаптар орындалмаса, мемлекет өз тарапынан осындай контентке тосқауыл қою бойынша қосымша шараларды қабылдауы тиіс», — дейді ол.

Сондай-ақ депутат ата-аналарды ақпараттандыруға арналған оқыту бағдарламаларын әзірлеу керегін айтады.

«Ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін оқыту курстарын ұйымдастыру. Бұл оқыту барысында зиянды контентті қалай тануға, баланың интернетті дұрыс пайдалануын қалай бақылауға болатынын қарастырған жөн. Ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға көңіл бөлу шарт. Ата-аналар өз балаларымен тығыз байланыста болып, олардың интернеттегі әрекеттерін қадағалауы қажет. Қауіпті контентке жедел түрде әрекет етуге қабілетті болуы тиіс», — дейді Сүлейменова.

Депутат атағандай, оқушылар арасында қауіпті контентті зерделеуға арналған цифрлық сауаттылықты дамыту бағдарламаларын оқу жоспарында қарастыру қажет.

«Балаларға интернетті қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтерді қорғау, зиянды контенттен қорғану сияқты мәселелер бойынша арнайы білім берілуі қажет», — деп түйіндеді ол.

 

Последние новости

02.10.2024
Астанада тарих пәнінің 43 жастағы мұғалімі оқушы қыздарға қырындаған: ол жұмыстан қуылды
02.10.2024
Алматы тұрғыны көшеде қара жәшік ұсынған қыздардан сақ болуға шақырды
02.10.2024
Антикор оқушылардың дәретхана қағазының жоқтығына қатысты шағымын тексереді
02.10.2024
Таразда мас адам қолына пышақ алып, тұрғындарды шошытқан (ВИДЕО)
02.10.2024
Алатауда митингке шыққан ұстаздар жалақылары қысқарғанын айтып, президентке үндеу жолдады
02.10.2024
Таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы өмірден өтті
02.10.2024
Министрлер өз үйлерін жалға беріп, қосымша табыс таппақ — заң бірінші оқылымда мақұлданды
02.10.2024
«Өсек айтқанша, дене шынықтыру керек»: 73 жастағы әженің турниктегі жаттығуы жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)