«Қазір осы жаттығуға көшіп алдым. Тыңдайтын адам болса, өте пайдалы жаттығу. 2-3 сағат жаяу жүріп келіп, осы жерде 5 минуттай тұрамын. Үлкен кісілер өтіп жатады. Әңгімесі, өсегі дайын келеді. Сондықтан миы демалмайды. Ойын жетектеп жүрген адамдар тынықпайды. Дене қызып, тер шығады. Бұрын иығымнан зілдей бірдеңе басып тұратын. Қазір ондай жоқ. Жеңілдік пайда болды», — дейді әжейдің өзі.
Пікір жазғандардың басым көпшілігі әженің әрекетіне таңданысын білдірген.
«Антигравитация. Омыртқа, буындағы жүйке талшықтары ашылып, қан айналымы жақсарады. Миға отегі барады. Дұрыс айтады, өсек айтқанша, спортпен айналысқан абзал, әженікі дұрыс, ұзақ жасасын», — деп жазған олар.