“Қазір шығармашылықтан жырақтап қалдым. «Аспанға қараймын» деген әнім хит болды, бірақ мен үшін аса бір материалдық пайдасы болмады. Тек қана кей адамдар «Әннің авторы Қызылорданың жігіті екен, Дәуір деген азамат екен» дегені болмаса, келіп-кетер байлығы да, пайдасы да болмады. Қазір өзімнің несібемді такси жүргізушісі болып тауып жүрмін. Көлігімді несиеге алғанмын. Ай сайын 148 мың теңге несие төлеймін. Одан бөлек, басқа да қарыздарым бар. Жалпы сомасы 298 мың теңге төлеп отыруым керек. Шүкір, табысым өзіме жетеді», – дейді Дәуір Абайұлы.
Сондай-ақ ән авторы Абай Бегейге ренжулі екенін де жасырмады. Ол бірнеше рет әншіден көмек сұрап хабарласқанда әнші қолұшын бермеген.
“Абай Бегеймен арамыз жақсы деп айта алмаймын. Бірнеше рет көмек сұрап хабарласқан болатынмын. Бірақ «жоқ» деген жауап алған соң, әрі қарай түсінікті болды. Сосын мен де қоя салдым. Абай Бегей сол әнмен барлық жағдайын жасап алды. Бір хабарласып, «Ой, Дәке, жағдайың қалай, не істеп жатырсың?» деп сұрауына болар еді ғой. Жалпы, менің ғана емес, әрбір хит болған әннің авторының көкейінде бір өкпесі бар шығар деп ойлаймын. Мен де өкпелімін. Ақшалай көмек сұрағанымда «Жоқ!» деп кесіп айтты. Негізі оған дейін де арамызда түсінбеушілік, кикілжің болғаны рас», – деді сазгер.
Еске салайық, Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына көлік сыйлаған еді.