Өнер иесі ескі көлікпен жүрген ағасының баласы мен қайнысын салонға апарып, су жаңа көліктің кілтін берді.
“Бауырларыңызды себепсіз қуанту сіздерге де жұғысты болсын! Командамызда қос қуаныш! Біржан, Шерхан су жаңа көліктерің құтты болсын! Игіліктеріңе мініңдер! Төменге тілек жаза кетіңіз. Екеуі де білмейді. Іштерінен сезіп келе жатпауы да мүмкін” – деп жазды айтыскер ақын.
Психолог қос көлікті иеленген азаматтардың қуанышын жеке парақшасында бөлісті.
«Екеуі де ескі көлікпен командамыздың шаруасының бәріне шауып жүретін еді. Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін. Екеуіне де салоннан су жаңа көлік әперіп жатырмыз», – деді желі жұлдызы.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынағанын жазған едік.