Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаның бейнежазбасын таратып, полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсеткен.
«Боран-23» автоэкипажының полиция қызметкерлері Нұрболат Амангелді мен Ерлан Дикаев қолында суық қаруы бар мас ер адамды әңгімеге тартты. Артынша кәсіби әдіс-тәсілдер арқылы пышағын тартып алып, оны полиция бөліміне апарды», — деп жазады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы мешітте қолына пышақ ұстаған адамды жиырмашақты полиция ұстай алмай, оған орындық лақтырған еді.