Мәдениет және ақпарат вице-министрі TikTok-ты бұғаттауға қатысты сұраққа жауап берді

2024-06-06 14:28:59

Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жоспарда жоқ. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

«Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ заң талаптары сақталмаған жағдайда, желіге кіруді шектеуге қатысты шаралар қарастырылады», — деді Ысқақов.

Сонымен бірге ол министрліктің TikTok өкілдерімен жарияланған контент мәселелері бойынша жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті.

«Бұзушылық түрлеріне келсек, біз ресми өтініштерде контент жүктеген бірқатар адамдардан жалған ақпарат таратуға, балаларға арналған контентке қатысты мәселелерге, жеке тұлғаларды қорлау мен жала жабуға қатысты заң бұзушылықтарды келтірдік. Алайда, біз жалпы онлайн платформалардың барлық әкімшілерімен жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді», — деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министі Аида Балаева әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейгеніне байланысты TikTok әлеуметтік желісі бұғатталуы мүмкін екенін айтты. 

 

Последние новости

06.06.2024
Ақтөбеде бөлмесінде ойнап отырған бала терезеден құлап мерт болды
06.06.2024
Түркістан облысында шегіртке қаптап кетті (ВИДЕО)
06.06.2024
Халықтың 55-57 пайызы АЭС салуды қолдайды – Энергетика вице-министрі
06.06.2024
В Токио обсуждали проблему зависимости от курения в рамках 35-ого Всемирного конгресса нейропсихофармакологии
06.06.2024
Алматыда спорт басқармасының қызметкерлері 56 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
06.06.2024
Олар сот залында қамауға алынды: Ленин шахтадасындағы кеншілердің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарылды
06.06.2024
«Қай еңбегі үшін берілді»: Бір топ шоу-бизнес өкілдері «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын иеленді
06.06.2024
Иви объявил о старте съемок триллера «Хищники» с Сергеем Гилевым в главной роли