2022 жылдың күзінде көмір зауытындағы апаттан бес кенші қаза тапты. Аталған іске қатысты тергеу бес айдан астам уақытқа созылды.
Ал сотта Ленин атындағы шахтаның төрт қызметкері: Петр Ли, Дмитрий Аблов, Талғат Баякенов және Андрей Завьяловқа қатысты үкім шықты.
Оларға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша айып тағылған.
«Сот айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, желдету және қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Петр Ли 5 жылға, желдету, қауіпсіздік және болжау қызметі бөлімінің бастығының көмекшісі Дмитрий Аблов 4 жылға, сондай-ақ ауысым бастығы Андрей Завьялов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Көмекші вентиляция бөлімінің бастығы Талғата Баякенов 4 жылға сотталды», — деді судья.
Сотталғандар жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Төртеуіне де үш жыл бойына тау-кен өнеркәсібінде басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай 2022 жылдың қараша айында болған. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде метанның бақылаусыз бөлінуінен бес кенші қаза тауып, тағы төртеуі уланып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.