Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Поделиться:

Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар екені мәлім болды.

Гокер Косе TAV Airports холдингіне 2005 жылы қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайларды басқару және менеджмент саласында тағылымдамадан өтті. Анкарадағы жаңа Эсенбога әуежайына қатысты (Operational Readiness and Airport Transfer ORAT) бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосты.

2006 жылы ол TAV Airports холдингінің қаржы және стратегия бөліміне шақырылды, осы бөлімде 10 жылдан астам уақыт көптеген жобаны жүзеге асырды.

Г. Косе сондай-ақ әуежайдың инвестициялық жобаларын, оның ішінде қысқа және ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау мен қаражат тарту ісін басқарды.

2017 жылы Г. Косе Groupe ADP-де инвестициялар және қаржылық жоспарлау жөніндегі директор лауазымын атқарды. Париждегі Шарль де Голь және Орли әуежайларындағы инвестициялық жобаларды басқарды. Сондай-ақ Groupe ADP-тің үнді бөлімшесі GMR Airports үшін бизнесті дамыту мәселесі бойынша жұмыс істеді.

Гокер Таяу Шығыс техникалық университетін бітірген. Сонымен қатар Ыстанбұлдағы Босфор университетінде МВА дәрежесіне ие.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также