Оның айтуынша, өңірлерде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу науқаны әлі жүріп жатыр. Министрлік бұл жұмысты күзде аяқтауды жоспарлап отыр.
Журналистердің «Халық қандай пікірде? АЭС құрылысын қолдай ма?» деген сұраққа шенеунік соңғы жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жария етті.
«Тиісті әлеуметтік зерттеулер бар. Жалпы соңғы зерттеулерде халықтың 55-57 пайызы қолдайды деген. Бірақ енді бұл респонденттік сауалнамалар. Сондықтан әрі қарай бұл жұмысты жалғастыру керек. Қолдайтыны бар, қолдамайтыны бар. Бірақ біздің әріптестер экология жағынан да, тазалық жағынан да, энергетикалық қауіпсіздік жағынан да тиісті ақпараттандыру жұмысын жүргізіп жатыр», — деді Есімханов Сенат кулуарында.
Осы орайда БАҚ өкілдері одан «әлі аралайтын қанша өңір бар?» деп сұрады.
«Әлі жартысы бар», — деп атап өтті вице-министр.