Президент: Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет

2024-05-31 16:30:28

Президенттің айтуынша, мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.

«Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда. Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады», — деді Президент.

 

Последние новости

31.05.2024
Қазақстанның ғылыми кадрлары Сингапурда білімдерін жетілдіреді
31.05.2024
Көшке ілесетін емес, көшті бастайтын ел болайық – Тоқаев
31.05.2024
«Қалтырақтап әрең отыр»: Талдықорған қаласында балаларды мас дәрігер қабылдаған (ВИДЕО)
31.05.2024
Таяу Шығыстағы мемлекеттік мекемеге қарсы кибер тыңшылық науқаны анықталды
31.05.2024
Выявлена кампания кибершпионажа против государственного учреждения на Ближнем Востоке
31.05.2024
«Өз аяғымен жүрген бала арбамен келді»: Ақтөбелік қайырымдылық қоры ондаған адамның баласының еміне жинаған ақшаны жымқырып кеткен
31.05.2024
2023 жылғы республикалық бюджетке жасалған аудит: 87,7 млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталды
31.05.2024
«Жылаған үш бала анасын әлі іздейді»: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 11 жылға сотталды