Қызылорда облысында мемлекеттің қаржысына салынған ондаған жылыжай қаңырап бос тұр (ВИДЕО)

2024-05-28 08:29:39

 

Видео әлеуметтік желіде тарады. Автордың айтуынша, жылыжайлар Қызылорда қаласындағы Онкологиялық орталық пен Туберкулез ауруханасы,Орталық концерт залына жақын маңда орналасқан.

«Мына жылыжайлар мемлекеттік бағдарлама аясында салынды.  Миллиондаған ақша кетті. Қызылорда облысын көкөніспен қамтамасыз етеміз деді, одан қалды, шетелге шығарамыз деді. Әкімдік халықтың ақшасын жұмсап, ақыры мынандай халге жетті. Іші мал қораға айналған. Көкөніс, жеміс-жидек қайда? Шайтан да жоқ. Астана қайда қарап отыр?»,- дейді автор видеода.

Жылыжайда тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарланған.

«Удай қымбат дүние, барлығы қирап жатыр. Мұқтаж жандарға берсеңіздерші, жөндеп алады»,- дейді ол.

Видеоға жазылған пікір қарасы да көп.

«Ол жерде құжат бойынша барлығы жайқалып тұрған шығар. Бұларда тексеру жоқ па? Ақшасы қайда?Антикор қайда? Ысырап деген осы. Халықтың ақшасына жаны ашымайды»,- деп жазған олар.

Бұл қай бағдарламамен салынған жылыжайлар екенін анықтау үшін Azattyq Ruhy тілшусі Қызылорда облысының әкімдігіне сауал жолдайды.