Қазақстан түрмелерінде 43 адам өзін-өзі өлтірмек болған

2024-05-27 14:30:46

Оның айтуынша, қазір елімізде 78 мекеме жұмыс істейді: 62 бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орны және 16 тергеу изоляторы.

«Онда 37 мың адам бар: оның 32 мыңы сотталғандар,  ал 5 мыңы тергеу кезінде қамауға алынғандар. Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу және мекеме қызметкерлерінің арасындағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында президент барлық колонияға бейнебақылау жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда 39 мыңнан астам бейнекамера орнатылған», — деді ол брифингте.

Бейнекамераларда аналитика және бақылау функциялары қарастырылған. Сондай-ақ, тыйым салынған аймаққа кірген немесе объективі жабылған кезде дабыл жіберетін мүмкіндігі бар. Ондағы бейне Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ахуалдық орталығына, сондай-ақ, прокуратура органдарына шығарылған. Бұл жағдайды нақты уақыт режимінде тұрақты түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Әлекешевтің сөзіне сенсек, бұл шаралар оң нәтиже беріп отыр.

«Қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар 8 есе қысқарды. Жүйе іске қосылған сәттен бастап сотталғандар тарапынан жасалған 24 мыңға жуық заң бұзушылық анықталды. 43 суицид және 4 қашу әрекетінің алдын алды, яғни жол берілмеді. Тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін 9 жанжал дер кезінде тоқтатылды», — деді ІІМ ресми өкілі.

Бұдан бөлек бейнекамералардың арқасында тыйым салынған заттарды жеткізбек болған 151 адам ұсталды. Олар 267 телефон, 33 литр спирттік ішімдік пен 2 келіге жуық есірткі алып кірмек болған.

Қазір әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке 58 адам тартылып отыр.  88 адамға қатысты сот шешімі шықты.

 

 

Последние новости

27.05.2024
Түркістан облысында жаз жақындағанда қар жауып жұртшылықты таңғалдырды
27.05.2024
Қостанай облысында ҚТЖ филиалының басшылары жемқорлығы үшін сотталды
27.05.2024
«Жаңбыр жауады, үсік жүреді»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
27.05.2024
БҚО-да есепші мекемеден қаржы жымқырып, ақшаны құмар ойнына салған
27.05.2024
Семейде бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті
27.05.2024
Алматы облысындағы тас жолда туристері бар автобус аударылып қалды
27.05.2024
«Касперский зертханасы» Windows-тың заңды функциясын қолдана отырып, құрылғыларға шабуыл жасайтын төлем бағдарламасын тапты
27.05.2024
«Лаборатория Касперского» обнаружила программу-вымогатель, которая атакует устройства с использованием легитимной функции Windows