«Қол тежегішін алып тастаған»: Жезқазғанда рөлде отырған 5 жасар бала бір топ адамды қағып кетті

2024-05-28 08:29:39

 

 

Оқиға ойын-сауық орындарының бірінің алдында болған. Көлік мейрамхананың алдындағы алаңда сәл еңіске қойылған. Оның артқа қарай жүріп, мейрамханадан шыққан адамдарды соққанын көруге болады.

Кішкентай баланың көліктен шығып, қашып бара жатқаны камераға түсіп қалған. Бірнеше секундтан кейін көліктен әйел түседі. Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.

«Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға түскен төрт адамның үшеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ер адамның қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген. Ал зардап шеккен үш әйел амбулаторлық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалары көгерген.