Видеоны әлеуметтік желіде Әзима есімді қолданушы таратқан. «Кім не біледі?» деп сұрақ қойған қолданушы тойдағы бұл дәстүрге қатты таң қалады.
Видеода көрініп тұрғандай, келіннің бетін ашқан үлкен кісі шоколадттың жартысын өз аузына салып, жартысын келінге тістетеді. Кейін бұл дәстүрлі келіннің жас енесі де қайталайды.
Желі қолданушыларының бірі «бұл дәстүр келін мен ененің ауызбіршілігі мықты болсын» деген ырым екенін айтса, енді бірі бұл қазақта мүлде болмаған салт екенін жазып, той иелерін қатты сынаған.