Ведомство Махамбет және Индер аудандарында екі күннен бері Жайық өзенінде су деңгейінің төмендегенін атап өтті.
«Атырау қаласында сағат 8:00-ден бастап өлшеу бекеттеріндегі белгі 2 см-ге артып, 597 см-ді құрады. Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруды және қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды», — делінген хабарламада.Сондай-ақ, ведомство басшысы көлемді бөгеттерді тексерді.
«Махамбет ауданының Жалғансай елді мекеніне барған кезде ТЖ министрі тасқын суды сору жұмыстарының барысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда ауыл маңындағы үйінді бөгет шайылып, ауылға кіреберіс жол арқылы су жүрген болатын. Айта кетейік, өткен тәулікте арнайы техникамен 450 мыңнан астам текше метр су сорылды.», — делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл ретте департамент сәуір айынан бастап облыста құтқару жасағының күшейтілгенін баса айтты.
«Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жеткізілді. Қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су басқан жерлерде адамдарды жол-көлік құралдарында және жүзу кемелерінде тасымалдау бойынша жұмыстарды жүргізеді», — деп қорытындылады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.Бұған дейін Атырау облысы Талдыкөл ауылында тұрғындар эвакуацияланып жатқаны хабарланған болатын.