Ғалымдар қатерлі ісік тудыратын вируспен күресудің жолын тапты

Поделиться:

60 жыл бұрын Энтони Эпштейн мен Ивонн Барр аталмыш вирусты ашты. Эпштейн-Барр канцерогендік белсенділігі дәлелденген алғашқы вирус болды. Әлемнің ересек тұрғындарының шамамен 90%-ы оны жұқтырған. Көптеген адамдарда вирус байқалмайды. Эпштейн-Барр аутоиммунды аурулармен және склерозбен де байланысты болуы мүмкі. Вирусты жоятын немесе оның алдын алатын вакцина немесе дәрі жоқ.

Иммундық В жасушаларын Эпштейн-Барр вирусы бұзады. Салдарынан иммундық жүйе бұзылады, созылмалы инфекцияға, қатерлі ісікке әкеледі.

Вирус В жасушалары бүлінгенде, IDO1 протеині көбірек өндіріледі. Ғалымдар тышқандарға эксперимент жасап, IDO1-ді блоктаса, вирус иммундық жасушаларды бүлдірмейтінін көрсетті.

Қазірдің өзінде онкологиялық ауруларды емдеуге арналған осы мақсатқа қолайлы препараттар бар.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также