«Өзіміз бақылаймыз»: Бейнеуде төбелескен оқушылардың ата аналары кешірім сұрап, видео жариялады

2024-05-26 10:28:51

Ата-аналар балаларының эасаған әрекеті үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Түлектердің әкелері мен аналары төбелес салдарынан ешкім дене жарақатын алмады деп сендірді. Олардың айтуынша, мұғалімдер, мектеп директоры және полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ешкімге ешқандай шағым жоқ.

Оқушылардың әкелері мен шешелері балаларын өздері бақылауға алатынын, болған іске мектеп әкімшілігінің еш жазығы жоқтығын айтады.

Еске сала кетейік, Бейнеу ауданы Боранқұл (бұрынғы тірек) ауылында тіпті түлектер төбелесіп қалған. Тараған бейнежазбада төбелеске бірнеше ондаған түлектер қатысқаны, олардың кейбіреулері тас лақтыратыны көрінеді. Полиция сол күні 50-ге жуық бала полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлаған еді.

 

Последние новости

26.05.2024
Маңғыстауда мектеп түлектері топ болып төбелес шығарды (видео)
26.05.2024
Дүниежүзілік футбол күні
26.05.2024
ЦИТАТА ДНЯ
26.05.2024
Гороскоп на 26 мая
25.05.2024
ЦИТАТА ДНЯ
25.05.2024
Гороскоп на 25 мая
24.05.2024
Алматы мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті
24.05.2024
Қазақстанда кешенді тестілеудің шарттары мен талаптары өзгерді