Астана мектебіндегі тапсырыс алушылар шұжықтың жанында қияр тұрғаны үшін және аспаздардың маникюры үшін 1 миллион 300 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуге мәжбүр. Бұған ашуланған кәсіпкерлер әділдікті талап етті.
“Неліктен кәсіпкерлерге айыппұл салынып жатыр? Бұл бір кешіктіру, бұзылған тауар емес. Бұл – ұсақ-түйек, болмашы нәрселер. Аспаздың қолғап кигеніне қарамастан, тырнағында маникюры болғаны үшін айыппұл салынған . Астана қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті заңды түрде дұрыс әрекет етпейді деп есептейміз”, – деді бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының өкілі Марина Лаптева.
Наразы кәсіпкерлер елордалық кәсіпкерлікті қорғау палатасының кеңсесіне жиналды. Олар аспаздар жасаған заңбұзушылықтар үшін аспаздардың өздеріне айыппұл салу керек екенін айтады. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамағаны үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігі де жауапкершілікке тартылуы керек дейді. Бірақ елордалық СЭС өкілдері заңда бәрі керісінше жазылғанын айтады.
“27-бапта кәсіпкерлік субъектісінің талаптарды сақтауға міндетті екені анық жазылған. Шаруашылық субъектісі өз қызметкерінің кінәсі үшін жауап береді. Кәсіпкерлік субъектісі барлығын ретке келтіруге міндетті, қызметкерлердің санитарлық норма талаптарын дұрыс орындауын талап етуі қажет”, – деді Астана қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.